Таразда құрылысшылар жансақтау бөлімінде жатыр
Таразда күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан мектепте өрт шығып, 7 адам зардап шекті, екеуі жансақтау бөлімінде жатыр. Ақ халаттылар «науқастардың жағдайы тым ауыр», — дейді. Қалғандары жеңіл жарақат алған. Оларға алғашқы көмек көрсетілді. Оқыс оқиға 17 қыркүйек түн ортасында №44 орта мектепте болған. Оқу ошағындағы жөндеу жұмысы 6 қазанда аяқталуы тиіс. Кестеден кешікпеу үшін мердігер компания екі ауысымда жұмыс істеген. Қызыл жалын 3-ші қабаттағы физика кабинетінде тұтанған. Өрт өршігендіктен, кабинетте қалып қойған 3 құрылысшының екеуі терезеден секірген. Техникалық қауіпсіздікті сақтамаған құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Сәкен Жұмашев, аурухана бас дәрігерінің орынбасары:
-Қабырғалары сынған, омыртқалары сынған және бір аяғы сынған. Сондықтан қазір оны жылжытып Астанаға самолетке салып жіберуге болмайды. Сондықтан сол жақтың специалисттері келіп осында операция жасамақшы.