Астанадағы медицина қызметкерлерінің 40% баспана жоқ
Көпшілігі жалдамалы пәтерлерде тұрады. Бұл жайлы Сенаттың жалпы отырысында депутат Бибігүл Жексенбай мәлімдеді. Сондай-ақ сенатор Семей сынақ полигоны аймағында бір кездері еңбек еткен және кейін өзге өңірге қоныс аударған медициналық қызметкерлерге ешқандай әлеуметтік жеңілдік қарастырылмай отырғанын жеткізді.
- Халықты қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар бойынша әскери қызметшілер және басқа да әлеуметтік жағынан әлсіз топтар өкілдеріне баспана алу мүмкіндігі бар. Бірақ медицина қызметкерлеріне арналған жеңілдетілген үй алуға мүмкіндік беретін бірде бір қолжетімді бағдарлама жоқ. Медицина қызметкерлері деген санатқа кіретіндерге бөлек тұрғын үй бағдарламасы немесе жеңілдетілген несие беру бағдарламасын қабылдау мәселесін қарастыруды сұраймын.