Елорданың құрылысы цифрландырылады
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап құрылыс құжаттары жаппай цифрландырылып, мемлекеттік сараптама бойынша қалалық сараптамалық ұйымның тексеруі арқылы жүргізіледі. Құрылыс министрлігінің өкілдері қала құрылысындағы жоспарлаудан бастап, нысанды салу барысындағы барлық процеске бақылау күшейетінін мәлімдеді.
Енді әлеуметтік нысандардың саны да сараптама арқылы жүргізіледі. Оның жан-жағына салынатын құрылыстар да экспертизаға алынады. Бірыңғай мемлекеттік мүлік кадастры цифрлық ортаға кіріктіріліп, бірыңғай ақпараттық жүйе қала құрылысымен байланысты барлық процестерді ашық бақылауға мүмкіндік береді. Енді сараптамадан өтпеген компаниялар құрылысқа жіберілмейді. Ал лицензиясы жоқ мердігерлерге үлескерлердің ақшасын тартқаны үшін әкімшілік жазаны 2000 айлық есептік көрсеткішке дейін ұлғайту көзделуде. Құрылыс министрлігі Мәжіліс қарауындағы Құрылыс кодексіне қосымша түзетулер енгізуге ниетті екендіктерін жеткізді.
Бақытжан Жүнісбеков, ҚР Құрылыс министрлігі, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитеті төрағасының орынбасары:
- Үлескерлік құрылысқа құқығы жоқ компаниялар Үлескерлік заңын айналып өтіп, азаматтық кодекстің тетіктерін пайдалана отырып, пәтерді алдын ала брондау келісімімен үлескерің ақшасын алып жатыр. Брондау келісімі үлескерлік құрылыс келісімі емес екенін астын сызып айтамын. Осы арқылы жұртты алдайды. Қазір қолға алған цифрландыру және жаза мен мемлекеттік бақылауды қатаңдату осы және өзге де келеңсіздіктерге тосқауыл болады деп сенеміз.