21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін
Елімізде 21 жасқа толмағандарға энергетикалық сусын сатуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты. Оның сөзінше балалар арасында оған деген қызығушылық тым жоғары. Энергетикалық, тәтті сусындарды кәмелеттік жасқа толмағандардың 17,5% тұтынады. Салдарынан 6% семіздіктен зардап шегеді. Осы және басқа да теріс әдеттерге тоқтау салу үшін тиісті норманы заңға енгізу мәселесі қазір Мәжілісте қарастырылып жатыр. Министр сондай-ақ Астанада халықаралық медициналық конференция өтетіндігі туралы мәлімдеді. Сала жұмысын жетілдіруге арналған шара қазан айының 22-23-іне жоспарланған.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
-Дүниежүзінің денсаулық сақтау министрлері 80 елдің делегациясы келеді деп күтілуде. Аталаған іс-шараны өткізу Қазақстанға медициналық саладағы жетістіктерді көрсетуге және үздік әлемдік практикаларды қабылдауға мүмкіндік береді.