Қазақ-өзбек энергия қорын өткізуде бірлескен кедендік бақылау жүргізеді
Қазақ-өзбек кедендік шекарасы арқылы өткізілетін энергия ресурстары бақыланады. Екі елдің Үкіметі құбыржол көлігі мен энергия ресурстарын өткізу бойынша бірлескен кедендік бақылау туралы заңды мақұлдады.
Келісімде кедендік-тарифті реттеу мен бақылаудың тиімділігін арттыру қарастырылған. Депутаттық сауалдар да өткір болды. Сенаторлар солтүстік көршімізден келіп жатқан арзан сүт өнімінің артуы бізге қауіпті екенін айтты. Тіпті Солтүстіктегі шикі сүтті өңдейтін кәсіпорындар қысқаруға мәжбүр. Біз 2025 жылы өтетін техникалық регламенттен, көршіміз 5 жыл бұрын өткен. Ал қазір Еуразиялық экономикалық комиссиясының бұл тауар түріне қойылатын талаптары күшейген. Енді Қазақстанда сүт өндірісінің 90% тоқтауға мәжбүр болады. Оларды қолдау үшін сүт өндіріс орындарын салықтан босатып, субсидия берілуі керек.
Закиржан Кузиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Қазақстанда сүт өндірісінің 90% тоқтауға мәжбүр болады. Себебі елімізде сүтті өңдейтін кәсіпорындарында техникалық регламентке сәйкес келудің мүмкіндігі жоқ. Сүтті сатып, табыс тауып отырған ауыл тұрғындарының 70% дейінгі бөлігі тұрақты табыс көзінен айырылады. Бұл әлеуметтік шиеленіске әкеледі.