Бүгін — Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшқан күні
Қазақтаннан шыққан алғашқы ғарышкер 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан көк кеңістігіне аттанды. Ғарышта ол 1 аптадан астам уақыт болды. 45 жасында зымыран тізгіндеген батырымыз сол кезде ғарыш айлағын тұңғыш рет қазақша сөйлетті. Сондай-ақ ол Кеңес үкіметі кезіндегі қазақтан шыққан алғашқы сынақшы ұшқыш. Әрі реактивті ұшақты асқан дәлдікпен қондырып, Гиннестің рекордтар кітабына да енген. Ал оның тау шаңғысы спортынан КСРО-ның Еңбек сіңірген спорт шебері және құралайды көзге атқан мерген екенін көпшілік біле бермейді.
Тоқтар Әубәкіровтің тағы бір қасиеті — мақтағанды жаны сүймейді. Сондықтан болар, ғарышкер жайлы алғашқы кітап енді ғана жарық көрді.
Тоқтар Әубәкіров, ҚР Халық қаһарманы:
- Талғат бұл кітапты бастағанда 10 жыл соңымнан жүрді. Мен: «Жәй документалдық қана, мен өзім қоспаймын ештенені, мынау жинаған материалдарымды ғана бір кітапқа қосайын, маған бір жақсы сұхбат берсеңіз болды», - деп. Бұл кісі мен ұшқанда сол космодромда болды.