Диқандарды қолдау үшін қандай көмек қарастырылған?
Диқандарды қолдау үшін Үкімет резервінен қаржы бөлініп, қосымша дизель отыны жеткізілген болатын. Сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясының» желісі бойынша астықты жеткізу мерзімі ағымдағы жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұзартылды. Бұған қоса шаруаларға қандай көмек қарастырылған? Шығынды өтеуге қолдау жасала ма? Ауыл шаруашылығы министрлігіне сұрау салдық.
Ерсайын Досымбетов, ҚР АШМ өсімдік шаруашылығын дамыту басқармасының бас сарапшысы:
-Негізгі шаруалардың сұрап отырған мәселесі — мынау көктем мезгілінде алған кредиттарының сроктарын ұзарту, әзірше 1 жыл ұзарту мерзімі көзделді. Бүгінгі күні осы аграрный кредитный корпорацияға шаруалардың өтініміне сәйкес, 2,3 млрд теңгеге пролонгацияға өтінім берілген. Бүгінгі күні 30 млндай суммаға пролангацияға сроктары созылған және де келіп түсетін өтініштер әрқайсысы жеке-жеке қаралады.