Биыл елде 4000 тұрғын үйде өрт болды
Биыл елде 4000 тұрғын үйде өрт болып, одан 200 адам қаза тапты. Қайғылы жағдайлар жылыту маусымы басталған кезде артуы мүмкін. Сондықтан мамандар сақтық шараларын барынша сақтау керектігін ескертеді. Мәселен, қазір Астанада құтқарушылар үй-үйді аралап, тұрғындарды ақпараттандырып, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жүр. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері бұл жолы 200-ге жуық отбасыға улы газды анықтайтын қондырғы орнатты. Жалпы 32 мың үй тексерілмек, әсіресе жатақханалардағы пештердің талапқа қаншалықты сай екендігі қаралмақ.
Алдияр Қошан, Нұра ауданы бойынша ТЖБ Бас маманы:
-Электр сымдардың жағдайы бойынша профилактика өткізіп жатырмыз. Одан бөлек төл қабаттардағы жанғыш заттарды сақтау бойынша кск-ларға, коменданттарға жанғыш заттардың бәрін алып тастау бойынша нұсқамалар беріп жатырмыз. Үгіт-насихат жұмыстарын беріп жатырмыз. Үйлердің кіре берістерінде өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқамаларды іліп жатырмыз.