«Zhas Project» жобасы 20 өңірде жүзеге асырылады
«Zhas Project» жастар кәсіпкерлігін қолдау жобасы енді еліміздің 20 өңірінде жүзеге асырылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері хабарлады. Есте болса, былтыр 6-өңірде пилоттық жоба ретінде жүзеге асырылып, биыл 250 грант табысталды. Айта кету керек, жобаның негізгі басымдығы – аз қамтылған ауыл жастарын белсенді қатысуға тарту. Сондай-ақ «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты бойынша конкурстық өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. 26 қыркүйек басталған рәсім екі айға созылады. Байқау нәтижесінде грантқа 14-тен 35 жасқа дейінгі жас азаматтар үміткер бола алады.
Роллан Құспан, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары:
-Конкурстың қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың соңына дейін 30 жасқа 3 млн теңге мөлшері деңгейінде грант беру жоспарлануда. Тәуелсіздік ұрпақтары грантын пайдалану мерзімі – 1 жыл. Осы Тәуелсіздік Ұрпақтары грантын 2029 жылға дейін беру жоспарда. Бұған қоса аталған жоба өңірлерде де осындай шағын гранттар жүзеге асырылуда. Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес бүгінгі таңда 229 грант беру көзделсе, оның 70-і жастарға табысталған. Қалғаны жыл соңына дейін жастарға табысталатын болады.