Хабар телеарнасы

Астанада ТЖМ қатысуымен құтқарушылар мемориалына гүл шоқтары қойылды

Астанада құтқарушылар күні қарсаңында Төтенше жағдайлар министрінің қатысуымен құтқарушылар мемориалына гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар ерлікпен қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Елордалық гарнизонның құтқарушылары мен ардагерлерінің айтуынша, бұл қызмет батылдықты, адалдықты және құрбандықты қажет етеді. Тәуелсіздік алған кезден бастап міндеттерін атқару кезінде 69 қызметкер қаза тапқан. Олардың ерлігі ел есінде. Мәселен, Асқар Забикулин 2022 жылдың қараша айында биік қабатты үйлердің бірінде өрт болып, тұрғындарды құтқару кезінде мерт болған. Мемлекет басшысының тапсырмасымен Астана қаласындағы көшелердің біріне ержүрек өрт сөндірушінің есімі беріліп, естелік тақтайшасы орнатылды.

Сырым Шәріпханов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:
-Осында үлкен өрттер болған кезде қалай реагирования жасауымыз керек. Соның алгоритімі дайындалды. Үлкен мәселе, техника, құрал-саймандарды қамтамасыз ету. Былтырғы жылы 300-ге жуық техника берілсе, биыл да сондай техника саны берілейін деп отыр.