Ұлттық қордан жиналатын балалардың табысына салық салынбайды
Ұлттық қордан жиналатын балалардың табысына салық салынбайды. Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда салық заңнамасына тиісті өзгерістер енгізіп бірінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ осы құжат аясында еліміздің микроқаржы және коллекторлық ұйымдарын үш жылға салықтан босату көзделуде. Оның өтемі ретінде компаниялар қиындыққа тап болаған қарыз алушылардың берешегін кешіруі керек. Бұл — халықтың несие жүктемесін төмендетудің қосымша құралы. Қазақстанда қазір жаңа салық кодексі әзірленуде. Ол 2025 жылдан бастап күшіне енеді. Дей тұрғанмен оның мазмұнына қатысты қазірдің өзінде қызу талқылаулар басталып кетті. Әсіресе қосымша құн салығын 12-16% көтеру туралы ұсынысқа қатысты пікірталас көп.
Мұрат Ергешбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- 12-16% көтеру қосымша табыс береді. Соның есебінен әлеуметтік сұрақтарды шешу жеңілдейді. Бірақ бұл жердегі ауыртпалық шағын және орта бизнеске түспеуі керек. Сән-салтанат салығын енгізуде айтылып жүр. Жаңа салық кодексі біздің қарауымызға 2024 жылдың алғышқы жарты жылдығында алынуы керек. Бірақ қазірдің өзінде оған қатысты бізге 60-қа жуық ұсыныс түсті. Ол атамекен өзгеде қоғамдық ұйымдар тарапынан келді.