Мемлекеттік қызметке тестті қалаған жерде тапсыруға болады
Мемлекеттік қызметке тест орталықтарына бармай-ақ, қалаған уақытында, қалаған жерде тест тапсыруға болады. Мұндай мүмкіндік «Е-қызмет» жүйесі арқылы беріліп отыр. 1 наурыздан бері 378 қазақстандық пилоттық жүйе арқылы мемлекеттік лауазымға тағайындалған. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай айтты. Алайда бұл бөгде адамдардың көмегін де, құлаққаптарды да пайдаланып, айланы асыруға жол бермейді. Себебі платформада прокторинг жүйесі қолданылады, ал «айласын асырғысы келгендер шеттетіледі» дейді агенттік төрағасы.
Дархан Жазықбай, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы:
-Бұл — мемлекеттік қызметке кіруді онлайн өткізу. Яғни тест орталықтарына бармау, адами факторларды азайту. Кез келген уақытта 24 сағат, 7 күн қалаған уақытында тестке дайындалып, тест тапсыратын уақытын өзі белгілеп, өзі тапсыра береді. Бұл мемлекеттік қызметке кіремін, жұмыс істеймін деген адамдарға қолайлы.