Хабар телеарнасы

Алматыда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 22 білім ордасы салынады

Бұл 37 мыңнан астам оқушыны сапалы біліммен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Оқушылардың жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасау керектігін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауында айтқан болатын. Жаңа мектептер заманауи құрал-жабдықтармен қамтылады. Олардың басым бөлігі республикалық бюджет есебінен және инвесторлардың қаржысына салынады. Ал бір мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтереді. Инфрақұрылымдық желілер мен жолға Алматы әкімдігі жауапты. Жоба бойынша 2-2,5 мың орындық мектептер негізінен халық саны жылдам өсіп келе жатқан Алатау, Наурызбай және Түрксіб аудандарында салынады.

Айдын Сайлаубай, қалалық Білім басқармасы басшысының орынбасары:
-Бір ауысымда 2000 бала болса, ол екі ауысымда 4000 баланы қамти алады. Сондықтан осы жерде Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен және болашақта перспективаларға салынатын объктілердің есебінен біз осы тапшылығы бар жерлерде алдын ала осы мектептерді бердік.