Хабар телеарнасы

Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылады

Кездейсоқ болатын шығындарды өтеу, кеңес беру және маркетингтік зерттеулер жүргізу. Еліміздің тауар экспорттаушыларына осындай қызмет пен көмек түрін ұсынатын Еуразиялық қайта сақтандыру компаниясы құрылады. Бүгін Сенат тиісті келісімді ратификациялады. Мамандардың пайымдауынша, осы арқылы Еуразиялық экономикалық одақ ішіндегі сауда айналымы 6 млрд долларға өседі. Ресми кепіл болғандықтан кәсіпкерлер әлдеқайда сенімді жұмыс жасап, өндіріс қуатын арттыра алады. Сондай-ақ бизнес-жобалардың халықаралық нарыққа шығуына жол ашылады.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мақұлданған заң мүше мемлекеттердің сыртқы саудасының дамуына және ішкі өндірушілердің экпорттық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артуына өз ықпалын тигізеді деп сенеміз.

Аслан Қалиғазин, KazakhExport ЭСК АҚ Басқарма төрағасы:
- Қазақстандық компания өзге елге тауар жіберді делік. Бірақ оның ақшасы 30 күнде беріледі. Осы жерде төлем мүлдем жасалмай қалуы мүмкін деген тәуекел бар. Осындайда шығында сақтандыру компаниясы өтеп береді де, екінші тараппен ақшаны өндіру бойынша өзі жұмыс істейді. Кәсіпкер ол мәселеге бас қатырмайды. Сақтандырудың тиімділігі осында.