Шымкентте келер жылдан бастап тұрғын үй құрылысы қарқын алмақ
Шаһар аумағынан жаңа шағын аудандар бой көтереді. 2035 жылға дейінгі бас жоспарға сәйкес, 5 ауданның дербес дамуына басымдық берілмек. Мысалы, Құрсай елді мекенін Тұран ауданының орталығы ретінде көркейту жоспарланған. Ол үшін 750 гектар жер телімі белгіленіп, ауыл шаруашылығы және жекенің жер уческелері мемлекет меншігіне қайтарылады. Көппәтерлі тұрғын үйлермен қатар, саябақтар, мектеп және балабақшалар салынады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қоғамдық нысандар да бой көтереді.
Нұрбол Жүнісбеков. қалалық Сәулет, құрылыс және жер қатынастары басқармасының басшысы:
-2035 жылға дейін 31 миллион шаршы метр тұрғын үй салуымыз қажет. Ол осы азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында. Ол дегеніміз біз жаңа тұрғын үй құрылысын 9460 гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Біз оны бас жоспарда қарастырдық. Қажетті инфрақұрылымдарды анықтап, қазір енді біз бюджеттік тапсырма беретін боламыз.