СҚО-да 54 мың гектар жайылымдық жер заңсыз берілген
Бұл туралы прокуратура қызметкерлері мәлімдеді. Олар жер қатынастары саласын тексеріп, талдау жүргізген. Ауыл маңайындағы мал бағатын орындар 2007-2020 жылдары жаппай жекенің қолына өтіп кеткен. Қазір сот арқылы 250-ге жуық жер телімі қайтарылып, халық игілігіне берілді.
Рамиль Сағындықов, облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:
-Республикалық бюджет комиссиясы құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге шешім шығарды. Бөгетті толық қалпына келтіру үшін шамамен екі жылдай уақыт керек. Өйткені су қоймасын ғана емес, негізгі арналарды да жөндеу қажет.