Хабар телеарнасы

Алматыда Aport East Mall салтанатты түрде ашылады

Ертең еліміздегі екінші және супер-аймақтық Aport East Mall салтанатты түрде ашылады. Нысанды жобалау мен салу 10 жылға созылып, жүз миллион еуродан аса инвестиция құйылған. Жоба авторларының айтуынша, көлемі 150 мың шаршы метр болатын екінші кешен қаланың шығыс аймағының дамуына үлкен үлес қосады.

Алматының шығыс қақпасында Құлжа күре жолының бойына салынған молл отандық Eurasia RED девелоперлік компаниясына тиесілі. Мұнда еліміздегі ең ауқымды кинотеатр - HALYK IMAX KINOPARK 16 орналасқан. ТМД бойынша ең үлкен экранды залдардың жалпы ауданы 10 000 шаршы метр. Ал фудкортта 50 мейрамхана мен кафе бар. Оған қоса 4300 шаршы метрлік супермаркет жұмыс істейді.

Дмитрий Ревин, Eurasia RED компаниялар тобы, Aport Mall-ның тең меншік иесі:

- Біздің Aport East Mall жүзеге асыру үшін Halyk Bank пен Damu қорының қаржылай қолдауы арқылы 100 миллион еуродан аса қаражат жұмсалды. Жоба 10 жылда жүзеге асты. Заманауи орталықтың 110 мың шаршы метрінде 250-ден астам кәсіпкер бизнес жасайды.

Жоба авторларының айтуынша, Aport East орталығында еліміздегі танымал брендтерден бөлек жаңа брендтер дүкені ашылады. 7 мың шаршы метрлік ойын-сауық аумағы Орталық Азиядағы ең үлкен Funky Planet отбасылық-ойын – сауық паркімен толыққан. Алаң барлық жастағы балаларға арналған.

Дмитрий Ревин, Eurasia RED компаниялар тобы, Aport Mall-ның тең меншік иесі:

- Біз 21 қазандағы ашылу салтанатымен шектеліп қалмаймыз. 2024 жылдың 1 маусымында Aport East Mall-ның екінші кезеңі пайдалануға беріледі. 30 мың шаршы метрде Sanremo Resort&Spa аквапаркі, фитнес орталығы ашылады. Онда бір уақытта 4300 адам демала алады. Енді үшінші кезең жобаланып жатыр. Онда 25 халықаралық бренд орналасады.

Aport East Mall-да 5 мың жаңа жұмыс орны ашылып, осы аумаққа жақын орналасқан 1 миллион адамға қызмет көрсетеді. «Заманауи орталық ашылғаннан кейін қаланың шығысы жылдам дами түседі»,-дейді іскер азаматтар. 

Авторлары: Аршын Кемелжан, Сержан Жұмабаев