Елге келген шетелдік туристерден Bed Tax алымы алынбайды
Енді елге келген шетелдік туристерден Bed Tax алымы алынбайды. Жыл басынан бері, 500 млн теңгеге жуық қаржы әкелген бұл жарна жуырда тоқтатылады. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ержан Еркінбаев айтты. Оның сөзінше, алымнан түскен қаржы туризм әлеуетін дамытудың орнына, жергілікті бюджеттен өңір қажеттіліктеріне жұмсалған. Кәсіпкерлер тарапынан шағым да көбейген. Тағы бір жаңалық, 2024 жылдан бастап елге сапарлап келген барлық турист QR-код арқылы такси құны туралы толық ақпарат ала алады. Бұл арқылы мейман әккілердің құрығына түспейді. Ал ішкі туризмді дамыту үшін белгілі бір қалада 4 күннен астам уақыт аялдайтын туристке 20 пайызға дейін жеңілдік ұсынылуы мүмкін.