Қызылорда облысында газ тапшы
Қызылорда облысындағы мұнай компаниясының газ өндіру құрылғыларының бірінен ақау шықты. Салдарынан өндіріс көлемі 6 мың тоннадан 4 мың 800 тоннаға дейін азайып кетті. Аймақта қазан айында автогаз тапшылығы байқалды. Дегенмен жағдай 1-2 күнде қайта қалпына келеді. Өйткені өңірге өзге облыстардан қосымша газ жеткізілмек және облыстан өзге аймақтарға сұйытылған газды шығаруға шектеу қойылған. Ол үшін арнайы блок бекеттер жұмыс істейді. Ал газ өндіру қондырғысындағы жоспардан тыс жөндеу жұмыстары келесі жылдың басында аяқталады деп жоспарланған.
Серік Қожаниязов, облыс әкімінің бірінші орынбасары:
-Ақауды жөндеп, іске қосу шамамен бірінші тоқсанда ретке келтіреді деген мәліметі бар. Оған дейін біз Атыраудан, Ақтөбеден, Шымкенттен басқа өзге өңірлерден тасымалдауға газды мәжбүр боламыз. Шамалы енді ол біздің кәсіпкерлерге бағасы қымбаттау түседі. Енді амал жоқ, әзірге солай.