Хабар телеарнасы

Абай облысының Шар қаласында батырлар аллеясы ашылды

Республика күні қарсаңында Абай облысының Шар қаласында батырлар аллеясы ашылды. Ауған соғысы ардагерлеріне арнап стелла орнатылды. Аллеядағы ескерткіш тақтаға осы өңірден екінші дүниежүзілік және тәжік-ауған соғысына аттанған 2,5 мыңға жуық ардагердің есімі жазылған. Сондай-ақ мешіт пайдалануға беріліп, ұлттық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастырылды. Әрі шаһардың өркендеуіне үлес қосқан азаматтарға «Жарма ауданының Құрметті азаматы» атағы берілді.