Онкологиялық аурулар жыл санап көбейіп барады
Қазақстанда онкологиялық аурулар жыл санап көбейіп барады. Мәселен, 2021 жылы 37 мың адамнан қатерлі ісік анықталса, былтыр 39 мың тұрғын аталған дертке шалдыққан. Осылайша қазір 200 мыңнан астам науқас есепте тұр. Пациенттер арасында сүт безі обыры, өкпе обыры және кооректалды қатерлі ісіктер кеңінен таралған. Ал аймақтар бойынша Шығыс Қазақстан және Павлодар облысы, сондай-ақ Астана мен Алматы қалалары көш бастап тұр. Осы және өзге де мәселелер Қазақстан онкологтары мен радилогтарының 9-шы сьезінде айтылды. Отандық және шетелдік дәрігерлер өзара тәжірибе алмасып, жаңа ем түрлерін талқылады.
Бақытжан Оңғарбаев, Онкология және радиология институты директорының орынбасары:
-Біздің халық та түсіну керек. Егер де жергілікті емханадан хабарлама келсе, мысалы, скрининг программасына, одан бас тартпау керек. Оған мемлекет үлкен қаражат бөліп жатыр. Егер де ауру болса, 1-2 сатылыда біз тапсақ, 90% гарантия беруге болады адам толық емделуге. Қазір әр аймақта өзінің онкологиялық диспансері бар.