3000-дай сарбаз тегін жоғары білім алады
3 мың грант. Биыл әскерге барып борышын өтегендер үшін осындай ерекше мүмкіндік беріліп отыр. Олар тиісті жолдамаға ие болса жоғары оқу орындарында тегін оқиды. Таңдауда айтарлықтай кең. Еліміз бойынша 70 университет осы бағытта жұмыс жасайды. Мұндай тәжірибе осы жыл басталған. Қазірдің өзінде қызметін өткерген 600 сарбаз, өзі армандаған білім ордасында оқуда. Іріктеуге еліміздің Қарулы Күштерінде, Ұлттық ұланда, Төтенше жағдайлар министрлігінде және Шекара қызметіндегі сарбаздар қатысты. Ал одан өте алмағандар ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесін есепке алмай, ақылы негізде жоғары оқу орындарға түсе алады.
Ербол Құмарбекұлы, ҚР Қорғаныс Министрлігі аппаратының басшысы:
-Тізімдер әлеуметтік желілерде жарияланып, жоғары оқу орындарына жолданды. Аталған жеңілдіктердің барлығы жастарды әскер қатарына баруға ынтасын арттырып жатқанын әскерге шақыру науқаны көрсетіп отыр. Соның мысалы ретінде әскер қатарына шықырылғандар санының биыл 20%- ға артуы осыны айқын аңғартады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш одан сайын арта түседі деген үміттеміз.