Газ бағасы қымбаттайды
Энергетика министрі Алмасадам Сатқалиев қазақстандықтарды көлікке газбен жүретін құрылғы орнатудан бас тартуға шақырды. Өйткені отынның бұл түрін тұтыну жоспарланған көлемнен асып түскен. Мәселен, биыл 124 мың тонна сұйытылған мұнай газын өндірілді. Сұраныс 20 мың тоннаға артық болды. Ал бензиннің қымбаттауына еш негіз жоқ. Энергетика министрінің айтуынша, елімізде жанар-жағармай өндірісі қарқынды жүріп жатыр. Демек ішкі нарықтың толық қамтамасыз етіледі. Қазір АИ-92 маркалы бензиннің шекті бағасы 205 теңге болып белгіленген.
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
-Қазір елімізде мұнай газының бағасы төмен болғанымен, бұл жағдай ұзаққа созылмайды. Сондықтан автокөлікті сұйытылған мұнай газына ауыстыруға кеңес бермейміз. Өйткені бағаның өсетіні анық. Ал дизельдік отынға келетін болсақ, жалпы көлемі артық болады деп болжануда.