Хабар телеарнасы

Қызылорда облысының шаруалары күріш орағын аяқтады

Сырбойылық диқандар қамбаға 500 мың тоннадан астам астық құйды. Жалпы 193 мың гектар алқапқа дән себілген. Әр гектардан 66 центнерден өнім жиналды. Қырманды қызылға толтырған күрішші, агроном, сушылар жер-жерде ауыл күнін атап өтіп жатыр. Жомарт жерді идірген еңбеккерлер ұлттық спортта да қара жаяу емес екендіктерін көрсетті. Ауыл, аудандағы «Алтын күз» мерекесі аяқталған соң егіншілер топырақ тыңайту жұмыстарына кіріседі.

Әбдуәли Нұрғалиев, диқан:
-76-дан 81 центнерге дейін өнім алған жігіттер бар. Келесі егіске жер көлемін бригадаларға бөліп, агрономияға, гидротехника саласына жақсы жұмыс істеліп, техникалар келіп жатыр. Алдағы көктемге каналдарды тазартуымыз керек. Жерді өртеп, тұқым дайындаймыз. Солардың бәріне уақыт керек, қыстай жұмыс болады.