Қызылорда облысына дабыл қондырғысы тегін орнатылады
Қызылорда облысында 8 242 баспанаға көмірқышқыл газын анықтайтын дабыл қондырғысы тегін орнатылады. Олардың барлығы әлеуметтік аз қамтылған отбасылар. Соңғы бес жылда 7 250 үй осындай датчикпен қамтылған. Өткен жылы екі үйде аталған құрылғы іске қосылып, 11 адам құтқарылды. Статистика бойынша өрт пен көмірқышқыл газынан уланудың басты себебі – қауіпсіздік ережелерін сақтамау және газ қондырғысының дұрыс жұмыс істемеуі. Сондықтан қазір өңірде төтенше жағдайдың алдын алу шаралары күшейтіліп, өрт қауіпсіздігі айлығы басталды.
Асхат Оразбеков, облыстық ТЖД мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы:
-Биылға көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер сатып алу бойынша жыл басында сұраныс бергенбіз жергілікті әкімдікке. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою комиссиясы тапсырмалар берді тиісті аудандық, қалалық әкімдіктерге. Қазіргі таңда әлі алынған жоқ. Бірақ енді алынады деп жоспарлап отырмыз.