Ғаламторда жалған сайттар арқылы онлайн тонау көбейді
Сақ болыңыз! Ұлттық компаниялардың, банктердің және крипто биржаларының атын жамылып, ғаламторда жалған сайттар арқылы онлайн тонау көбейді.
Мәселен, интернет-алаяқтар қазақстандықтарға 13 млрд теңге залал келтірді. Жыл басынан бері осы қылмыстың 16 мыңға жуық дерегі тіркелген. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің өкілдері мәлімдеді. 7 мыңы онлайн сауда жасаймын деп алданса, ал микрокредиттік ұйымдар 1 мың 600 жалған онлайн-қарыздарды рәсімдеген.
Көбінде азаматтар сенгіштігіне байланысты алданып, осындай схемалардың құрбаны болған. Олар ақшасын жұмыс істемейтін инвестициялық жобаларға салыпты. Мұндай қылмыстар Қазақстан аумағынан тыс жасалады екен.
Рүстем Дүйсетаев, ҚР ІІМ Киберқылмысқа қарсы күрес орталығы бастығының орынбасары:
- Қазіргі уақытта несие беруге қойылатын талаптарды, сондай-ақ жауапкершілікті заңнамалық тұрғыдан қатайту мәселелері пысықталуда. Мұндай қылмыстардың көпшілігі онлайн шетелден жасалады. Себебі қылмысты ашу үшін халықаралық сұраныстар жіберу қажет. Осылай уақыт созылып, қылмысты ашу процесін қиындатады. Айта кеткен жөн, банк немесе полиция қызметкерлері ешқашан дербес деректерді сұрамайды. Телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейтінін атап өткім келеді.