ҚР Сот жүйесіне жоғары баға берілді
Қазақстан Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров Халықаралық Сот әкімшілігі қауымдастығының вице-президенті болып сайланды. Ұйымға 100 астам мемлекет мүше. Қазақстан 2016 жылдан бері оның жұмысына белсенді қатысып жатыр. Жаһандық ұйым жұмысы сот менеджментін дамытуға бағытталған. Жыл сайын бағдарлама аясында үздік тәжірибелер анықталады. Буэнос-Айресте өткен конференцияда шетелдік сот алқасының тарапынан Қазақстанда жүргізіліп жатқан сот реформасы жоғары бағаланды. Бүгінгі таңда еліміздегі өтініштердің 95% электрондық форматта келіп түседі. Нәтижесінде сот төрелігінің сапасы артып, азаматтар үшін ашықтық пен қолжетімділік пайда болды.
Серверлердің жұмысы ұйым мүшелерінің пікірінше, көп елмен салыстырғанда, әлдеқайда алда. Азаматтық процестің тараптары тұрғылықты жері бойынша емес, елдің кез келген аймағында отырып қатыса алады. Ал судьяны роботтық бағдарлама таңдайды. Өткен жылдан бастап енгізілген Қазақстанның сот жүйесіндегі жасанды интеллект жұмысы - реформаның жемісі.
Наиль Ахметзакиров, ҚР Сот әкімшілігінің басшысы, IACA вице-президенті:
- Біз бағдарламалық өнімдерді енгізудегі тәжірибемізбен, ауқымды сараптамалық деректерді жасаудағы тәжірибемізбен бөлістік. Осы бағыттар бойынша әріптестерімізбен қоян-қолтық жұмыс істеп, қауымдастық шеңберінде ынтамақтастықты арттыруға күш саламыз.