Ақтөбе облысында шығынға батқан шаруалардың несиелік төлемі 1 жылға тоқтатылуы мүмкін
Ақтөбе облысында шығынға батқан 26 қожалықтың несиелік төлемі бір жылға тоқтатылуы мүмкін. Шаруалардың өтінішін қараған жұмыс тобы осындай шешім қабылдамақ. Себебі толассыз жауған жаңбырдан Қарғалы және Әйтеке би аудандарында егін жинау қиындаған. Бүгінгі күні Әйтеке биде егіс алқабының 30% орылмай жатыр. Мамандардың айтуынша, тамыздан бері ауданға түскен жауын-шашын мөлшері жылдағыдан 4 есе көп. «Жиналмай жатқан астық, енді азық-түлік ретінде қолдануға келмейді, тек мал азығына жарамды»,— дейді шаруалар. Жалпы облыс бойынша бүгінгі таңда 440 мың гектар егістік алқаптың 92% жиналған.
Асылхан Әбтиев, облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары:
-Жұмыс тобы қазір енді 42 мың гектар жерді аралап шықты. Жалпы айтқанда 3,5 миллиард теңгедей пролонгация бойынша. Қазір енді жұмыс тобының 26 шаруашылықтар барлықтары на қол қойылып, тиісті құжаттар шаруашылықтарға таратылды. Қазір шаруашылықтар енді өз тарапынан қандай құжаттар керек, сол құжаттарды қаржы институттарына тапсырып, сол жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір мысалы, қараша айы болатын болса, 1 жыл бойы төлемейді.