Петропавлда аурухана құрылысы қайта жанданады
Петропавлда облыстық көпсалалы аурухананың құрылысы қайта жанданады. Өңірге жұмыс сапарымен барған Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Вячеслав Дудник бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен өткен брифингте осылай деп мәлімдеді. 500 орынға арналған медициналық ұйымның іргетасы 2019 жылы қаланған. Ол былтыр халық игілігіне берілуі тиіс еді. Вице-министрдің айтуынша, қазір жобалық- сметалық құжаттарға түзетулер енгізіліп жатыр. Нысан пайдалануға берілген кезде өңірде кадр тапшылығы мәселесі шешіледі.
Жалпы айта кету қажет, бүгінде облысқа 200 жуық дәрігер жетіспейді.
Вячеслав Дудник, ҚР Денсаулық сақтау министрінің орынбасары:
- Бұл аурухана мемлекеттік жекешеншік әріптестік аясында салынады. Оған түрік инвесторы қаржы құйды. Қазір тиісті құжаттарға түзетулер енгізіліп жатыр. Жоба жүзеге асқан кезде Солтүстік Қазақстанға шетелден білікті мамандарды тарту көзделіп отыр. Болашақта мұндай жобаны басқа аймақтар да жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.