Шымкентте тұтынушылар құқығы қорғалды
Шымкентте бөлшек сауда мен қоғамдық тамақтану орындарына шағымданушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 15%-ке артқан. Әсіресе жаңа көліктеріне көңілі толмайтындар көп. Осыған қатысты Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау депараментінің өкілдері тексеру жүргізіп, кәсіпкерлерден 106 миллион теңге өндірілген. Сала мамандары азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің жауапкершілігін арттыру үшін «Сапалы өнім» тұжырымдамасын іске қосуды ұсынды.
Оспан Әбиев, қалалық Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті басшысының орынбасары:
-2141 шағым келген. Содан біз 106 миллион теңге өндіргенбіз. Яғни атап айтқанда ішіне кроссовка кіруі мүмкін 10 мың теңгелік немесе көлік кіруі мүмкін 30 миллион теңгелік. Сондайдан құралған 106 миллион теңгені қайтарып тұрмыз. Құқықтары бұзылған тұтынушыларға шығынды қалпына келтірдік.