Хабар телеарнасы

Кенші өліміне не себеп болды?

Арнайы комиссия Ұлытау облысындағы шахтада кеншінің неден көз жұмғанын анықтауға кірісті. Естеріңізге сала кетейік, кеше Шығыс Жезқазған кенішінде 39 жастағы тау кен шебері қайтыс болды. Кеніш «Қазақмыс» компаниясына қарасты. Қайғылы жағдайдың себебі тексеру қорытындысынан кейін мәлім болады. 

Бейбарыс Тәңірбергенұлы, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Бас сарапшысы:
-Тау-кен жұмыстары кезінде Бимағанбетов Ерланның денесін табылған. Қазіргі таңда жергілікті Ұлытау облысының еңбек инспекцияларымен арнайы тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Нәтижесі толыққанды құрылған комиссиямен нақты жарияланатын болады.