Хабар телеарнасы

Өскеменде радиациялық ластанған учаскелерді бақылаумен санитар дәрігерлер айналысады

Өскемен қаласында радиациялық ластанған учаскелерді бақылаумен санитар дәрігерлер айналысады. Мұны жергілікті экология департаментінің өкілдері хабарлады. Бұған дейін құқыққорғаушы Алексей Божковтың бастамасымен шаһарда ластанған сегіз учаскенің жаңа картасы жасалған еді. Қалдықтар металлургиялық өндіріс ошақтарынан пайда болған. Қала әкімдігінің ресми жауабына сүйенсек, қоршаған ортаға қауіпті жерлерді жою жұмыстары келер жылы басталады. Қорғау шараларын бастау үшін бюджетке өзгертулер енгізіледі.

Рауан Тұраров,облыстың Бас мемлекеттік экология инспекторы:
-Біз Божков азаматының өтініші негізінде әкімдікте, өзіміздің экология департаментінде талай кездесу жүргізген болатынбыз. Божковтың айтуы бойынша, жоюдан бір бөлек, қазіргі таңда ластанған учаскелерді сәйкес белгілермен көрсетіп, оны белгілеп қою керек. Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.