Құрық порты логистикалық кластерге айналады
Құрық теңіз порты толық логистикалық кластерге айналады. Қазір кешенді жоспар әзірленіп жатыр. Президент Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында теңіз инфрақұрылымын дамыту бойынша берген тапсырмасына сәйкес бірнеше жобаны жүзеге асыру қолға алынды. Мәселен, «Достық-Мойынты» теміржол учаскесінде екінші жолдардың құрылысы жалғасуда. Жоба Қытай мен Еуропа арасындағы тауар тасымалының артуына сеп болмақ. Сондай-ақ еліміздің Өзбекстан мен Қытайдың шекарасында теміржол желісін салу жоспарланып отыр. Ал Ақтау теңіз портында «Контейнерлік хаб» құрылысы басталды. Ендігі 7 жылда еліміз арқылы өтетін транзит көлемі 35 млн тоннаға дейін ұлғаяды.