Ескі форматтағы ЭКҚ жарамсыз болады
Біз қолданып жүрген электронды цифрлы кілті жаңа форматқа көшіріледі. 26 қарашадан бастап электрондық шот-фактурасын ақпараттық жүйеде сәйкестендірудің тек жаңа әдісі ғана қолданылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді. Сондықтан ЭЦҚ-ның жаңа форматына ауысу үшін электронды есепке алу жүйелерін реттеуге кеңес береді.
Гаухар Мұхамеджан, ҚМ МКК Өтпелі мониторинг басқармасының сарапшысы:
- Қазіргі уақытта ЭШФ ескі және жаңа ЭЦП кілтінің форматы жұмыс жасауда. ЭЦП кілтінің ескі форматының жарамдылық мерзімі аяқталғанға дейін жұмыс жасайтынын еске саламыз. Яғни оларды қайта шығарудың қажеті жоқ. Бірақ сіздер ЭЦП кілтінің жаңа форматына көшу үшін осы жылдың 26 қарашасына дейін өздеріңіздің бухгалтерлік жүйлеріңізді, мысалы, 1С қазіргі уақытқа дейін қамтамасыз етулеріңіз қажет.