Ауылдан қалаға көшіп келушілер көрсеткіші 6% жуықтады
Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді. Елімізде ішкі көші-қон бойынша 3 өңір көш бастап тұр. Елордаға 16 мыңнан астам адам қоныс аударса, Алматыға келгендер саны 15 мың 500 асады. Шымкенттегі көрсеткіш – 1 мың. Көшіп барушылардың басым бөлігі Түркістан, Жамбыл, Жетісу өңірлерінен. Ал биыл елімізге шетелден 14 мыңға жуық азамат келген. Елден көшкендер саны 2 есе төмен. Сонымен қазан айындағы жалпы дерек бойынша ауыл тұрғындары 7 млн 500 мыңнан асады. Ал қала халқы 12 млн 400 мыңға жуықтайды.
Айта кеткен жөн, статистикалық тіркелімдер цифрлық форматқа көшіріліп жатыр. Енді азаматтар түрлі сала бойынша қажетті ақпараттарын онлайн ала алады. Алғашқыда білім, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы цифрлық форматқа көшірілді. Ал 2026 жылға дейін 71 жоба жоспарда