Түркістан облысында «экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтёрлік қозғалысы» іске қосылды
Түркістан облысында «экономикалық тергеп-тексеру қызметінің волонтёрлік қозғалысы» іске қосылды. Жоба аясында үміткерлер 3 кезеңдік сыннан өтуі шарт. Әуелі IQ тест тапсырып, сосын эссе жазады. Одан өткендері өздері жайлы бейнеролик әзірлеуі тиіс. Жобаның мақсаты — қаржылық сауаттылықты арттыру және құмар ойынға қарсы иммунитет қалыптастыру. Департамент қызметкерлері жыл басынан бері облыс көлемінде заңсыз ашылған 24 ойынхананы жапқан. Құмар ойын ұйымдастырғандарға қатысты 20 қылмыстық іс қозғалды.
Пердебек Есқұлов, экономикалық тергеп-тексеру қызметі волонтёрлік қозғалысының жетекшісі:
-Қазір қоғамның барлығы құмар ойынға, жастар адам денсаулығына зиян келтіретін химиялық заттар, мефрон т.б. заттарға қоғам еліктеп кіріп бара жатыр. Соның алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстарын кәсіби тұрғыда үлкен бір күш болып, жұмыла жұмыс істеуіміз керек.