Хабар телеарнасы

Табиғатқа қиянат жасағандар жазаланады

Табиғи ресурстарды бақылаусыз пайдалану бойынша мемлекетке 13 миллиард теңге шығын келтірілген. Мұны бүгін Ішкі Істер министрлігі мәлімдеді. Жыл басынан бері 300 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, экологиялық заңсыз әрекеттер бойынша 304-іне сотқа дейінгі тергеу басталған. Мамандардың айтуынша, орманды, жануар, балық немесе жер қойнауын заңсыз пайдаланушылар экологияға тигізетін ауыр салдарларын толық түсінбейді. Құзырлы органдар 20 қазаннан 19 қарашаға дейін «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізуде. 

Әлішер Жармағамбетов, ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті табиғатты қорғау полициясының аға инспекторы:
-Осы іс-шара басталғаннан бері 61 қылмыстық және 2 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Өз еркілі жер қойнауын пайдалану, балық аулау, аң аулау фактілері бойынша 3 мыңнан астам айлық есептік көрсеткіш есебінде айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру санкциясы қарастырылған.