Көз ауруларына шалдыққан балалар мен жастар көбейіп барады
Мәселен, Павлодар облысында бұрын көмекке жүгінетіндер егде жастағылар болса, қазір науқастардың орташа жасы 35-40 шамасында. Арасында балалар да бар. Мамандардың айтуынша, бұған жастардың электронды құралдардан көз алмауы себеп. Экологиялық жағдай мен ағзаның әлсіз иммунитетінің де әсері бар. Азаматтар арасында катаракта, глаукома, көз ішкі торының қабаттану аурулары жиі кездеседі. Аймақтың офтальмологиялық қызметі бір жылда 5 мың операция жасаған.
Айжан Айтқазы, офтальмолог:
- Жастар да, үлкендер де, балалар да барлығымызға окулистке жүгінуге тура келеді. Сондай-ақ смартфонмен бірге, әрине, бірден бір ол гигиена сақтамау деп аталады. Яғни толықтай дұрыс күтім болмағандықтан, науқастардың саны күннен күнге өсуде.