Ұлытау облысы қыс мезгіліне дайындығын пысықтап жатыр
Ұлытауда апаттық-құтқару және коммуналдық қамтамасыз ету қызметтері қыс мезгіліне дайындығын пысықтап жатыр. Былтыр Жезқазғанда қар тазалығына қажетті техниканың аздығынан бірқатар қиындық туындаған еді. Ал биыл кәсіпорын су жаңа 15 арнайы көлік сатып алды. Республикалық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін мекеме де «Қыстан қысылмай шығамыз», деп отыр.
Сұңғат Рахымжанов, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Ұлытау облыстық филиалының директоры:
-Бүгінгі таңда бізде үш жол пайдалану басқармасы бар – олар Жаңаарқа, Ұлытау және Жезқазған қалаларында. Сонымен қатар 20 бірлік техника, 5 бірлік техника қосымша жаңасын алды. Келесі аптада жаңадан тағы 5 техника келеді.
Мұрат Алтаев, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары:
- Қазіргі уақытта көктайғаққа қарсы 2,5 мың тонна құм әзірленіп, жол бойында тексеріс жүргізіліп, қаланың автожолдарын күтіп ұстаудағы кемшіліктерді анықтау бойынша жұмыстар жүруде. Анықталған кемшіліктер бойынша ескертулер жасалды.