Қарин қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікірін жариялады
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм парақшасында қоғамдағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты пікірін жариялады.
2020 жылдан бері отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жүйелі шаралар қабылданды. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің бастамалары аясында полицияда тиісті бөлімшелер штаты кеңейіп, тергеуші-әйел мамандығы енгізілді. Заңнамадағы соңғы түзетулерге сәйкес, мұндай қылмыстар енді тек жәбірленуші арызының негізінде ғана емес, куәгерлердің, көршілердің мәліметі, бейнекамералардың жазбасы және т.б. жолдармен де анықталады.
«Дей тұрғанмен Мемлекеттік кеңесші зорлық-зомбылыққа қарсы күресте заңмен ғана шектеліп қалуға болмайды» деп атап өтті.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
- Бұл мәселені тек заңнамаға өзгеріс енгізу арқылы шешу мүмкін емес. Сонымен бірге азаматтардың көзқарасы, моральдық ұстанымы да өзгеруі керек. Осындай әрекеттерге көз жұмып қарайтын болсақ, онда мемлекет қабылдап жатқан шаралардан еш нәтиже шықпайды. Яғни деструктивті мінез-құлықтың кез келген түріне қарсы күрес кешенді іс-қимылды талап етеді.