Таразда Ұлттық ұланның 42 сарбазына оқу гранты берілді
Олар былтыр 55/13 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған. Енді Ұлттық біріңғай тест тапсырмай-ақ, тегін оқи алады. Қорғаныс министрілігі еліміздегі 70 жуық жоғары оқу орынымен келісімшартқа қол қойған. Жалпы биыл конкурсқа республика бойынша 17 мыңнан аса сарбаз қатысты. Солардың бірі – Арман Масабаев. Ол әскерге бармас бұрын журналистика мамандығын меңгерген. «Енді магистратураға түсіп, білім алсам», - дейді.