Шардара су қоймасына 11,1 текше метр су жіберіледі
11,1 млрд текше метр су. Көрші елдермен уағдаластыққа сай, Шардара су қоймасына осынша тіршілік нәрі жіберіледі. Жоспар бойынша бұл көлем келесі жылдың 1 сәуіріне дейін жиналады. Оны Түркістан және Қызылорда облысының шаруалары алдағы егін науқанында қолданады. Сондай-ақ келер жылдың бірінші сәуіріне дейін Арал теңізіне 1,6 млрд текше метр су жіберуге мүмкіндік туады. Жалпы Қазақстандағы егістік алқаптардың 67% суармалы жерлер. Соңғы кездегі әлемдік климаттың өзгеруі онсыз да тапшы болған су мәселесімен кешенді түрде айналысуға мәжбүрлеуде. Саланы дамыту үшін осыдан екі ай бұрын Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылған еді. Ведомоство қазір басқа елдермен де жеткілікті көлемде су алу бойынша келіссөз жүргізуде.
Данияр Сағадиев, Су ресурстары және ирригация министрлігінің департамент директорының орынбасары:
- Бірнеше көздесу өтті. Қазір Тоқтағұл ең үлкен су қоймасы қырғыздарда. Қазір су аз ол жерде. Енді келесі вегетацияға дайындау үшін біз электр энергия береміз қырғыздарға. Олар Тоқтағұлда суды жинайды. Жазда біз сол суды аламыз.