СҚО-ның агроөнеркәсіп саласын дамытуға 80 млрд теңге бөлінді
Мемлекеттің қолдауы арқасында жергілікті диқандар көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізіп, мал шаруашылығын дамытып отыр. Диқандар үшін биыл ең ауыр орақ науқаны болды. Өңірде жиын-терімнің нағыз қызған шағында апталап жаңбыр жауып, дала жұмыстары тоқтап та қалды. Бірақ ырыс дәні ысырап болған жоқ. Облыс бойынша 3 млн 700 мың тонна астық жиналды. Сүт, ет, жұмыртқа, ұн, нан өнімдерімен де өз-өзін толық қамтамасыз етіп отырған өңір. Аймақта ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін 100-ге жуық кәсіпорын бар.
Мейрам Меңдібаев, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы:
- Соңғы бес жылдың ішінде 30 жаңа заманауи сүт фермасы салынды. Енді осы жылы 13 ферма салынып жатыр. Сол арқылы біздің қазір шаруашылықтар малдың саны да көбейіп жатыр. Сүт шығарып жатқан, мынау сүт мына біздің ірі орталықтағы зауытқа апарып жатыр.