Қызылорда облысынан көне бесік табылды
Ал Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында 128 жыл бұрын жасалған бесік табылды. Қазақтың киелі бұйымын Бірлік ауылында тұрған Темірбек есімді ұста 1895 жылы жиде ағашынан ойған. Бесікті музейдің бұрынғы қызметкері Рахима Әбсаттарова ауылдарды аралап, жәдігер жинап жүріп тапқан. Ұлттық құндылығымызды ұлықтай білгеннің арқасында талай ұрпақ өсіп өнген көне бесік бүгінге дейін жақсы сақталған. Түбек салатын ойығы, төсек, жастық, қолбау, тізебауларына дейін бар.
Мөлдір Дүйсенбаева, Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері:
- Біздегі бесіктің ерекшелігі – бұл бір түйір шегесіз құралған. Бесік өте жеңіл, бір тербегенде-ақ өзі тербетіліп тұра береді. Екі жағын ойып жасаған. Тербетіліп тұруға арнайы жасаған бесік.