СҚО-да 100-ден астам ауылда жарық жоқ
Солтүстік Қазақстан облысында 100-ден астам ауылда бірнеше күннен бері жарық жоқ. Өңірде боран болып, желілер жаппай істен шыққан. Бір ғана Мағжан Жұмабаев ауданында 45 елді мекен қараңғылық құшағында отыр. Мұнда бағана майысып, сымдар үзілген. Қазір мамандар қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Өзге аудандарда да жағдай мәз емес. Аймақта 165 мыңнан астам абонент бар. Оның 7 мыңы жарықсыз отыр. Жалпы өңірде электр желілерінің 95% әбден тозған.
Рүстем Құрманов, облыс әкімінің орынбасары:
-Арнайы штаб құрып, әлеуметтік нысандарды қатаң бақылауға алдық. Яғни ауруханалар мен мектептерге генераторлар қойылды. Бүгінде көрші Ресей және Ақмола облысындағы әріптестерімізбен келісімге келдік. Енді бұл аудандарға электр энергиясы уақытша сырттан тасымалданады.