Жезқазғанда су және жол мәселесі қашан шешіледі?
Жезқазған қаласында су жаңа құбыр қолданысқа 2021 жылы берілуі керек болған. Жоба үшін 530 миллион қаржы бөлінген. Бірақ әлі игерілмеген. Бүгін елордада өткен брифингте Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бұрынғы мердігерді осы міндеттен босату мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Бірақ Есқұла су құбыры қосылғанымен, Жезқазғанды толық сумен қамту мүмкін емес деп отыр. Одан бөлек, аймақта автожол нашар. Логистиканы дамыту үшін «Қызылорда-Жезқазған» жол құрылысының жұмыстары басталды. 50 миллиард теңге бөлу жоспарда. Ал Жезқазған-Арқалық автожолының 13 шақырымына асфальтбетон төселген. Келесі жылдың соңына дейін 37 шақырымы қолданысқа беріледі.
Берік Әбдіғалиұлы, Ұлытау облысының әкімі:
-Қазір 450 миллион ғана қаражат қалған. Мердігер алып, міндетін орындай алмай жатыр. Су министрлігі келіп, вице-министрі мердігерді ауыстыруға шара қолданып жатыр. Есқұла жер су ол тек Сәтпаев қаласына арналған. Кеңгір ауылы бар, Жезқазғанға резервный болып есептеледі. Жезқазғанға Есқұланың суы жетпейді.