Абай облысында алғашқы ақылы жол пайда болды
Өңір арқылы өтетін халықаралық «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 300 шақырымына тариф енгізілді. Енді жүк және қоғамдық көліктердің жүргізушілері әр шақырым үшін ақша төлейді. Жаңашылдық енгізілген екі айда 70 млн теңгеге жуық қаржы жиналған. Түскен ақшаға 10 жаңа техника сатып алынған.
Арсен Темірханов, «ҚазАвтоЖол» ҰК өкілі:
- Ақылы жол арқылы қатынайтын салмағы 2,5 тоннаға дейінгі техникалар әр шақырымға 5 теңге, салмағы 15 тоннадан жоғары көліктер 25 теңге төлейді. Жеңіл көліктер тегін жүре береді.