Ақтауда оқушылар қашықтан оқып жатыр
Ақтауда дауыл соғып, салдарынан оқушылар қашықтан оқуға көшті. Бейнеу ауданындағы 24 мектепте онлайн білім беруде.
Ал Жаңаөзен қаласы мен Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған аудандарында сабақ дәстүрлі форматта өтіп жатыр. Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, Бейнеу ауданында екпінді жел екі үйдің шатырын жұлып әкеткен. Әлеуметтік желіде Ақтау қаласында зақым келген үй мен пирстің видеосы тарады. Пирс қирап, жартылай суға кеткен. Зардап шекендер жоқ.
Данияр Елшібаев, облыстық ТЖД бөлімінің бастығы:
- Қатты жел, дауылды жел болып жатыр. Нақтырақ айтқанда солтүстік – батыстан 23 және 28 м/с. Күндізгі уақыттарда 15 – 20 секунд болса, түнгі уақытта 23 – 28 секундқа дейін орын алып жатыр. Кейбір уақыттарда ол 30 м/с және одан да жоғары қазір күтілуде.