Алакөл мен Балқашқа апаратын жол пайдалануға беріледі
Бүгінде жұмыстың 90% аяқталған. Орталық коммуникациялар алаңында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев осылай деді. Оның сөзінше, Жетісу облысына жыл басынан 2 млн астам турист келген. Соның 1,5 млн Алакөлде болыпты. Облыстағы туризмді дамыту бағытындағы жұмыстар әрі қарай да жалғасын табады.
Атап айтсақ, Балқаш көлі жағасында инженерлік-коммуникациялық желілердің құрылысы басталады. Бұған өңірлік бюджеттен 2,1 млрд теңге қарастырылған. Ал 2025 жылдан бастап ол жерде демалыс орындары мен қонақ үйлер салына бастайды.
Бейбіт Исабаев, Жетісу облысының әкімі:
- Шаңғы-биатлон кешенін салу және Бұрханбұлақ сарқырамасына дейінгі жолды жөндеу бойынша жобалық құжаттама әзірленіп отырады. Келесі жылы дайын болады. Сарқан ауданында Жасылкөлге дейінгі жолға орташа жөндеу жүргізілуде. Бәрін сапалы жүзеге асыратын болсақ, 2024-2025 жылдары облыс аумағында туризмді серпінді дамытуға толық мүмкіндік бар.