Көкшетауда балабақша қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін алынған құрылғылар қолданысқа берілмеген
Көкшетауда балабақшалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 76 миллион теңгеге сатып алынған биометриялық табельдар әлі күнге дейін толық қолданысқа берілмеген. Мәселен, заманауи құрылғылар шаһардағы 18 мемлекеттік балабақшаның тек 9-ына орнатылған. Ал кейбір мекемелердегі жұмыс енді басталып жатыр. Жалпы осындай биометриялық табельдар бөгде адамның бөбекжайға кіруіне жол бермейді. Тіпті балабақшаға баласын әкелген ата-аналардың да сұлбасы тексерістен өтеді. Бұл бірінші кезекте балғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған. Қалалық білім бөлімінің өкілдері қалған 9 балабақшаға қажетті құрылғылар жыл соңына дейін орнатылып, іске қосылады деп сендірді.
Нәжмиден Нұралин, білім бөлімінің меңгерушісі:
-Әр балабақшаның өзінің бухгалтериясы бар. Ол кісілер жеке конкурстарды ұйымдастырады. Қай балалабақшада қай мерзім шықты сол бойынша жұмыс жасайды. Сондықтан бір балақшада ертерек, бір балабақша кеш жұмыстар жүргізілуде. Қараша, желтоқсан айында толық жұмыстарды аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз.